Меню KDT

29 қазан Қамқоршылар күні.

Қайырымды бола білу үлкен іс,
Үлкенге ізет, кішіге құрмет көрсетіп.
Жақсылықты жаса қолдан келсе егер,
Біле білсең өзің үшін ол жеңіс.
29 қазан Қамқоршылар күні.
Қамқоршы - түрлі себептермен ата - ана қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына тәрбиелеуге алып, өздеріне үлкен жауапкершілікті артып жүрген адамдар. 24 қазан күні «Мейрімді жүрек» атты
қамқоршыларға арналған мерекелік іс – шара
Мұқағали Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде (РО) аталып өтті.
Мақсаты: баланы өз отбасына тәрбиелеуге арналған
отбасыларына қамқоршы, қорғаншыларға алғыс білдіру, құттықтау, құрметтеу, жетім және қамқорлыққа алынған балалардың құқықтарын қорғау.
Қазіргі таңда М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінде
2 бала қамқоршылықта тәрбиеленуде.
«Жетім көрсең, жебей жүр» - деген қағиданы ұстанған азамат балаға әкенің тәрбиесі мен ананың мейірімін сыйлауда. Мектеп әкімшілігі балаларды қамқошылыққа алған ата - ана Нұрпазилова Шолпан Сағынышбекқызына Қамқоршы күні мерекесіне арналған «Мейірімді жүрек» атты мерекелік концертке шақырып, ата анаға алғыс хат және сый- сыйапаттарын тапсырды. Ата -ананың қамқорлығынсыз қалған баланың тағдырына немқұрайлы қарамағанына шексіз алғыстарын білдіріп , мықты денсаулық тіледі. Мектеп әкімшілігі ұйымдастырған шағын концерттік бағдарламаны тамашалап , алғын білдірді.


,


Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.kdt.kz
Добавлено: 29.10.2024 в 16:56