Меню KDT

Еліңнің тарихын білесің бе?

10 қазан күні М.Мақатаев атындағы тірек орта мектебінің акт залында тарих пәні мұғалімі Омбаева Гүлнұр Бақытқызы 11 сынып оқушылары арасында тарих пәнінен «Еліңнің тарихын білесің бе?» тақырыбында брейн-ринг турнирін өткізді. Турнирдің негізгі мақсаты қатысушылардың ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденіске бағыттау, білім додасында жеке тұлға ретінде бәсекелестікке қабілеттіліктерін жетілдіру, Отанына деген, туған жеріне, туған тарихына деген сүйіспеншілік сезімін ояту болды. Сайыс 6 бөлімнен тұрды: І-тур «Сұрақ - менен, жауап - сізден», ІІ-тур «Жұмбақ тұлға», ІІІ-тур «Математикалық қобдиша», ІҮ-тур «Терминдер сөйлейді», Ү-тур «Әңгіме не жайында?»,ҮІ-тур «Капитандар сайысы». Сайыс өте тартысты өтті, тапсырмалар қызық, әрі интеллектуалды ойлау қабілетін дамытуға бағытталған болды. Сайысқа қатысушылардың арасында керемет бәсекелестік энергетикасы орын алып, командалар арасынан 11 «Ә» сынып оқушылары өздерінің мықтылығын көрсетіп, ҰБТ-ға дайындықтарының осал емес екендіктерін байқатты. Оқушыларға «Брейн-ринг» турнирі өте қатты ұнады.


,


Комментариев нет
Просмотров: 5
Автор: tolebimakataeva
Сайт: makataev.kdt.kz
Добавлено: 23.10.2024 в 17:11