«Сенім жәшігі» мектептің фойесінде орналастырылды.
Мектепте 20.09.2024ж оқушылардың және ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалардың жазбаша өтініштерін қарайтын «сенім жәшігі» және сенім телефоны іске қосылды.
«Сенім жәшігі» мектептің фойесінде орналастырылды.
Сенім жәшігі педагогтардың оқушылар мен ата-аналарының немесе оларды алмастыратын тұлғалармен тығыз байланыста болу мақсатында жасалған.
Сенім жәшігінің міндеттері:
1) оқушының құқығы бойынша берілген өтініштерін жедел түрде тіркеу және қарау, сонымен қатар мектептегі оқу-тәрбие жұмысының жүргізілуіне ұсыныс білдіру.
2) өтініштерді қарау ҚР заңнамасына сай шараларды қабылдау;
3) сенім жәшігініе келіп түскен өтініштерді талдау, өтініштегі мәселені болдырмау мақсатында шаралар қолдану;
4) білімалушының мәселесін жедел түрде шешіп, қарастыру.
Сенім жәшігінің жұмыс уақыты ақпараттық қабырғаға ілінеді, сонымен қатар мектептің сайтында жарияланады және әрбір оқушыға «сенім жәшігі» туралы ақпарат беріледі.
Сенім жәшігіне өтініш беру жұмыс күндері сағат 08.00.-19.00.дейін жүргізіледі.
Өтініштерді күнделікті мектеп әкімшілігі сағат 17.00.-де алады.
Өтініш 5 күнде қарастырылады.