Пресс-релиз 20 қараша. Астана.
Тұрақты әрі үздіксіз қуат көзі баршамызға қажет.
Тұрақты әрі үздіксіз қуат көзі баршамызға қажет. Оның үстіне энергия – экономиканың негізгі қозғаушы күші. Сондықтан, энергия тақырыбы ешқашан күн тәртібінен түспек емес. Бұл мәселені ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та жылда өз жолдауында ерекше атап айтады.
Бүгін Астана қаласы әкімдігі «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Орталық балалар және жасөспірімдер кітапханасы«Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС бірлесе таза энергия тақырыбындағы кітаптарды жинап, арнайы кітап көрмесін ұйымдастырды.Аталған көрме бір күндік іс-шара емес. Көрме бір ай бойы кітапхана оқырмандарына қолжетімді болады. Сондай-ақ, кітапхана оқырмандарына «АЭС: ТҰРАҚТЫ ЭНЕРГИЯ» атты арнайы дайындалған 20 минуттық фильм көрсетілді. Ондағы мақсат – атом электр станциясының алдағы жұмысы туралы көпшілік назарына толыққанды ақпарат ұсыну. Халық арасында таза энергия өндіру жолы АЭС туралы үстіртін әңгімелер айтылғанмен, ғалымдар дәлелдеген, ғылыми еңбектер мен деректі фильмдер айтарлықтай көп емес. Сондықтан, ғылыми тұрғыда дұрыс түсінік қалыптастыру үшін осы деректі фильм көрсетілді. Аталған іс -шараға «ҚАЭС» ЖШС жетекші инженері Асуан Сиябеков қатысып, жиналған аудиторияға таза энергияның ел өміріндегі рөлі мен бүгіні және болашағы туралы кеңінен тарқатып айтып берді.
«Атом электр станциясы ол Қазақстан үшін ұзақ мерзімді пайда. Өнеркәсіп пен ел экономикасы үшін маңызды әрі қажетті перспективалық жоба. Қазіргі таңда елімізде қауіпсіздік деңгейі жоғары жаңа буын АЭС салу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Сонымен қатар, нысанды салу және пайдалануға қатысты барлық үдеріс бүкіл өркениетті әлемде қолданылатын халықаралық қауымдастық әзірлеген ережелер мен талаптарға сәйкес жүзеге асырылады. Бұл жобаға Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (МАГАТЭ) те араласатын болады. Қазір ядролық реакторлар әлемнің 31 елінде жұмыс істеп тұр. Олардың қатарында АҚШ пен Франция да бар. Бүгінде Қытай, Оңтүстік Корея, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания және Ресей елдерінде АЭС салынып жатыр. Бұл стансалардың қажеттігіне және оның қауіпсіздігіне дәлел бола алады. Қысқасы, атом электр стансасы кейбіреулер ойлағандай атом қаруы емес! Екеуінің алыну әдісі ұқсағанымен, функциясы мүлдем басқаша. Атом энергиясын әлемде дамыған елдер ғана пайдаланып жатқан жоқ. Оны біз сияқты дамушы елдер өз игілігіне жаратып отыр оны жоғарыда да айттық», - деді өз сөзінде «ҚАЭС» ЖШС жетекші инженері Асуан Сиябеков.