«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ»
«БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» АТТЫ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ ӨТТІ.
26.09.2024 г. мектебімізде «БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – ҚОҒАМ КЕЛЕШЕГІ» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті.
Күн тәртібінде «Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын өзектендіру» мәселесі қаралды.
Талқыланған тақырыптар:
-интернеттегі қауіптер;
- шынайы өмірдегі буллинг және кибербуллинг;
-балалар арасында өсіп келе жатқан тренд болған онлайн ойындар;
-баланы қайғылы жағдайларға итермелеуі мүмкін кітаптар мен сайттар;
-әлеуметтік желілердегі алаяқтықтар.
Баламен ашық диалог құру, оның өміріне ұдайы қатысып отыру, цифрлық құрылғыларды бақылау және баламен қауіпсіздік тақырыбында әңгімелесу - бұл проблемалардың алдын алуға көмектесетін негізгі қадамдар. Қарым-қатынас, сенім, қатысу және ынтымақтастық – бұл балаларды шынайы және виртуалды өмірде кездесетін қауіптерден қорғауға көмектесетін негізгі құралдар және мәселені шешкеннен гөрі оның алдын алған жақсы екені айтылды.
Комментариев нет
Просмотров: 1