Меню KDT

«Жасөспірім және нашақорлық» тақырыбында 9 сынып ата-аналарына арналған кездесу/ коучинг өтті

«Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында» білім алушыларды қоғам болып тәрбиелеу мақсатында Наркологиялық бекеттің жылдық жоспарына сәйкес «Жасөспірім және нашақорлық» тақырыбында 9 сынып ата-аналарына арналған кездесу/ коучинг өтті.
Мақсаты: Есірткі заттарының, ішімдік ішу мен темекі тартудың, нашақорлықтың жас ағзаға тигізер зиянды әсері, өкінішке ұрындырар, келешек өмірлеріне келтірер кесапаты туралы түсінік беру. Ғасыр дертіне айналып отырған кеселдің залалын жан-жақты меңгерту. Оқушылардың бойында салауатты өмір салтын берік қалыптастыру, жеке тұлғаның санасын дамыту, өмірге деген көзқарастарын қалыптастыру мақсатында
қатысқан ата-аналарға тақырып бойынша қойылған мәселені қоғам, отбасы және адам үшін қаншалықты маңызды екенін түсінуге жағдай жасау және өскелең ұрпаққа қатысты белсенді тәрбиелік ұстанымды белгілеу болатын.
9 сынып жетекшілері: Г. А. Топетова; С. Купжурсинова


https://youtube.com/shorts/AWBFp0fzbjw?feature=share


Комментариев нет
Просмотров: 95
Автор: shkoshmambetova
Сайт: koshmambetov-karasai.agartu.kz
Добавлено: 08.11.2024 в 10:40