Меню KDT

06.02.2024 ж. Рәміздерді құрметтеу – баршаға парыз

      Мемлекеттік рәміздер – бұл кез-келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі.  Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.


       «Рәміздерді қасиеттеп, құрметтеу» тақырыбында  Б.Момышұлы атындағы  №1 мектеп-гимназиясының 1 «ә» сынып оқушыларымен ашық сабақ өтті. Ашық сабақта  балалар мен жасөспірімдер кітапханасының қызметкері  А. Бектас балаларға рәміздердің не екенін жан-жақты түсіндіріп берді. Тақтаға ілінген көрнекіліктер арқылы елтаңба, ту, әнұранға талдау жасады. Балалар да өз кезегінде рәміздерде бейнеленген белгілерді дұрыс тауып, қойылған сұрақтарға белсене жауап берді. – Рәміздерді қасиеттеп, құрметтейміз, - дейді егеменді еліміздің еркін ұландары өз сөздерінде.             
                                         


Комментариев нет
Просмотров: 96
Автор: satpaevlibrary
Сайт: satpaev-ylib.agartu.kz
Добавлено: 06.02.2024 в 12:00