Меню KDT

«Рахмет саған, Әліппе!» атты іс-шара өтті


            “Білім негізі-бастауышта” дегендей, бүгін бірінші сыныптар арасында «Рахмет саған, Әліппе!» атты іс-шара өтті. Бұл күн – 1-сынып оқушылары үшін ерекше маңызды сәт. Олар алғаш рет қолдарына ұстап, оқуды үйренген Әліппемен қоштасып, өз жетістіктерін мақтанышпен көрсетті.

             Іс-шара барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, өлең оқып, би биледі. Әліппеге алғыстарын білдіріп, алған білімдерін көрсетті. Сонымен қатар, жаңа достары – Ана тілі оқулығымен танысып, білім әлеміне әрі қарай саяхат жасауға дайын екендерін білдірді.

              Бұл күн оқушылардың ғана емес, олардың ата-аналары мен ұстаздары үшін де үлкен қуаныш. Әліппемен қоштасу – білім жолындағы алғашқы маңызды қадам. Балалардың білімге деген құштарлығын, өнерлерін көріп, ата-аналары оларға қолдау көрсетіп, ұстаздары олардың жетістіктеріне мақтанышпен қарады.

              Енді оқушыларымызды қызықты жаңа пәндер, терең білім мен жарқын болашақ күтуде. Барша 1-сынып оқушыларын осы жетістіктерімен құттықтай отырып, оқуда озат, алда болатын белестерді бағындыратын білімді ұрпақ болуларына тілек білдіреміз!

Қош бол, Әліппе! Қош келдің, жаңа білім әлемі!
                                                                                           


Комментариев нет
Просмотров: 300
Автор: 77mektep
Сайт: 77astana-bilim.edu.kz
Добавлено: 23.12.2024 в 14:12