Меню KDT

11.06.2024 ж. Қаламыздың№29–ші «Балдәурен» бөбек жайының бүлдіршіндерімен«Ертегілер сыр шертеді» атты тақырыбында кітап көрмесіне шолу өткізілді.

Мақсаты: Балаларға ертегілер туралы түсінік беру. Балалардың сөздік қорын байланыстырып, сөйлеуге дағдыландыру. Балалардың танымдық белсенділігін арттыру.


Іс шараға №29-ші «Балдәурен» бала-бақшасының тәрбиешілері Л. Әмірханқызы мен Қ. Сүйіндікқызының «Бәйшешек» ересек «А» тобы  және «Ботақан» ересек «Б» тобынының бүлдіршіндеріменертегі еліне саяхат жасыл шөптың үстінде өткізілді. Кітапханашы Б. Аимбетова кішкентай балақайларға «Шалқан», «Қызыл телпек» ертегілерін оқып, балақайлар ертегінін мазмұнын айтып берді. Балалармен көңілді ойындар ойналды,«Ақ серек, көк серек», «Шармен жарысу», «Қағазды қойып жарысу», ертегі жұмбақтарын, жалпы жұмбақтарды шешті.Іс шара бала-бақшаның ауласында, көгалда өте көңілді өтті.


Комментариев нет
Просмотров: 88
Автор: satpaevlibrary
Сайт: satpaev-ylib.agartu.kz
Добавлено: 11.06.2024 в 09:00