Меню KDT

14.08.2024ж.Кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімінің ұйымдастыруымен, қала тұрғындары және қонақтарына арнап, орталық «Табиғат аясында бізбен бірге оқыныздар» атты библиосемейка болып өтті.


Мақсаты: Балаларға арналған әдебиеттерді насихаттау,жас оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, кітап оқу арқылы  ойлау қабілетін, зейінін, қиялын, шығармашылық қабілетін дамытуға баулу.

Балалардың жазғы демалысын тиімді ұйымдастыру, көтеріңкі көңіл-күй сыйлау, кітапқа деген қызығушылығын арттыру мақсатында кітапхананың жазғы оқу бағдарламасы жоспарына сай, қалалық саябақта №2 балалар кітапханасы «Кітаппен өткен жаз қызық» тақырыбында қызықты шара өткізді. Таза ауада кітап оқу пайдалы әрі қызықты. Балалардың ой- өрісін, тіл байлығын, кітапқа деген қызығушылығын ояту мақсатында әртүрлі викториналық ойындар ұсынылды. «Мың бір мақал, Жүз бір жұмбақ» ойынында өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салды.


Комментариев нет
Просмотров: 98
Автор: satpaevlibrary
Сайт: satpaev-ylib.agartu.kz
Добавлено: 14.08.2024 в 09:00