
Солтүстік Қазақстан облысында екінші жыл «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыру жалғасуда. Жобаның мақсаты-негізгі 11 пән бойынша білім сапасын арттыру.
📚 Солтүстік Қазақстан облысында екінші жыл «943 – елдің мақсатты мектептерін дамыту» жобасын іске асыру жалғасуда. Жобаның мақсаты-негізгі 11 пән бойынша білім сапасын арттыру.
💻 Іс-шара 2025 жылғы 18 қыркүйекте әдістемелік кабинеттердің әдіскерлерімен және облыстың мақсатты мектептерімен онлайн кеңес өтті.
🏫Жаңа 2025-2026 оқу жылында жобаға облыстың 90 мақсатты мектебі – Петропавл қаласының 1 мектебі және 89 шағын жинақты мектеп қатысады. Сонымен қатар, тәжірибе мен консультациялық көмекті 20 толық жинақталған мектеп, облыстық «Қала – ауылға» жобасына қатысушылар көрсетуді жалғастыруда.
📝 Мектептің жеке портретін жаңарту және бір жылға арналған жеке жұмыс жоспарын құру маңызды кезең болып табылады. Бұл проблемалық аймақтарды анықтауға, әдіскер-тәлімгерлермен өзара іс-қимыл жасауға және сыртқы бағалауға тиімді дайындалуға мүмкіндік береді. Негізгі бағыт-оқыту сапасын талдау, мектепішілік бақылау, педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру.