
Дін мен дәстүр-рухани тәрбиенің негізі.
2025 жылдың 13 қазан күні Шу аданының білім бөлімінің «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Шу қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ғ.Қапанбаева мен Жамбыл облысы әкімдігі «ДПЗО» Шу ауданы бойынша арнайы бөлім инспекторы Н.Бақтияр жастарды діни сауаттылыққа тәрбиелеу, имандылық пен адамгершілік қасиеттерін арттыру, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мақсатында.
«Дін мен дәстүр – ұлттық құндылықтың өзегі» тақырыбында 9-10 сынып білім алушыларына дәріс оқыды. Дәріс барысында білім алушыларға дін туралы айта келе жат ағымдардың арбауына түсіп кетпес үшін әлеуметтік желідегі белгісіз діни бағыттағы сайттарға, әлеуметтік желілерге кіруге болмайтындағы және дін туралы ақпаратты танымайтын бөтен адамдардан сұрамау керектігі, құмар ойындардан аулақ болу, оның зияны туралы айтылды.