Меню KDT

Өзің оқып,өзгеге ұсын.

Шу қаласы «Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2025 жылдың 13 қазан күні «Балалар кітапханасы» бағдарламасы бойынша мектеп кітапханашысы  «Өзің оқып, өзгеге ұсын» атты акциясын ұйымдастырды.


Мақсаты: Білім алушылардың кітапқа деген көзқарасын өзгерту, әртүрлі жастағы оқырмандарды кітап оқуға шақыру. Осы акцияға Әбдікәрімқызы Сағыныш «Гүлдер таласы» ертегісін, Серік Раяна «Піл құлағы» ертегісін, Қойқали Айзере Қастек Баянбайтың «Жұмбақтар» жинағын, Зульбухар Аяла  Қастек Баянбайтың «Жаңылтпаштар»жинағын оқып, өзге оқырмандарға ұсынды. Іс- шараға 4 «Б» сынып білім алушылары қамтылды.

 


Комментариев нет
Просмотров: 21
Автор: zhambylaltynsarina
Сайт: altynsaryn-shu.edu.kz
Добавлено: 15.10.2025 в 10:03