Меню KDT

Ж.Аймауытов театрының кіші залына Ерсайын Тәпеновтың есімі берілді

Ж.Аймауытов театрының кіші залына Ерсайын Тәпеновтың есімі берілді


Ерсайын Қандержанұлы Тәпенов 1945 жылы 16 қазан күні Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Қазақстанның мемлекеттік сыйлығының иегері, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыкалық драма театрының негізін қалаушы. Биыл өнер саңлағының туғанына 80 жылдығы атап өтілмек.
 16 қазан күні, Ж.Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театрының кіші залына белгілі режиссер Ерсайын Тәпеновтың есімі берілді.
Аталған шарада Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Медет Алпысбайұлы Тауасқан, театр басшысы Арман Темірбек, Ерсайын Тәпеновтың шәкірттері, әріптестері және театрдың негізін қалаушы актерлері сөз сөйлеп, ұстаздың шығармашылық жолы мен өнердегі еңбегін еске алды.
Бұл — Ерсайын Тәпеновтың театр өнеріне сіңірген еңбегіне көрсетілген зор құрмет пен кейінгі буынға үлгі болар тағылымды іс болды


Комментариев нет
Просмотров: 6
Автор: aimauytovteatry
Сайт: kmdt.kz
Добавлено: 21.10.2025 в 12:01