Меню KDT

Инсультпен күресудің дүниежүзілік күні

29 қазанда бүкіл әлемде Инсультпен күресудің дүниежүзілік күні атап өтіледі.
2025 жылы бұл күн «Әр минут маңызды» деген ұранмен өтеді.
Инсульт – бұл мидың қан айналымының жіті бұзылуы, ол ауыр салдарға – мүгедектікке немесе өлімге әкелуі мүмкін. Жыл сайын бүкіл әлемде миллиондаған адам осы ауруға шалдығады, және дер кезінде медициналық көмек көрсетілген жағдайда олардың жартысына жуығын болдырмауға болады.
Бұл күннің мақсаты – инсульттің алдын алудың, дер кезінде диагноз қоюдың және алғашқы белгілер кезінде шұғыл медициналық көмек көрсетудің маңыздылығын еске салу.
Инсультті қалай тануға болады?
Инсультті анықтауға көмектесетін қарапайым белгілерді білу маңызды:
-Беттің қисаюы – бет бір жағына түскен, күлкі асимметриялы болады
-Сөйлеудің бұзылуы – адам анық сөйлей алмайды немесе қарапайым сөйлемді айта алмайды
-Қол-аяқтың әлсіздігі – бір немесе екі қолды көтере алмайды, ұйып қалу сезімі пайда болады
Бұл белгілер пайда болған жағдайда жедел жәрдем шақыру қажет. Әр минут маңызды – әрекет ету жылдамдығына науқастың өмірі мен кейінгі сауығуы байланысты.
Инсульттің алдын алу
Инсульт қаупін төмендету үшін мыналар ұсынылады:
-Артериялық қысымды бақылау
-Темекі шегуден және алкогольді шамадан тыс тұтынудан бас тарту
-Қандағы қант пен холестерин деңгейін қалыпты ұстау
-Салауатты өмір салтын ұстану және дұрыс тамақтану қағидаларын сақтау
-Диспансерлеуден және дәрігерлік тексеруден жүйелі түрде өтіп тұру
 
Денсаулығыңызды күтіңіз – белгілерге мән бермей жүрмеңіз, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз!

Артық немесе қате есептелген қаражатты/жарналарды/өсімпұлдарды МӘМС арқылы қайтару қалай жүзеге асырылады

Денсаулығыңызды күтіңіз – белгілерге мән бермей жүрмеңіз, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз

Артық немесе қате есептелген қаражатты/жарналарды/өсімпұлдарды МӘМС арқылы қайтару қалай жүзеге асырылады

Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: poliklinika5pavlodar
Сайт: poliklinika5pavlodar.agartu.kz
Добавлено: 29.10.2025 в 09:51