Өкпе обырын алдын алу
Өкпе обыры - онкологиялық аурулар арасындағы өлім-жітімнің жетекші себептерінің бірі болып қала береді. Негізгі себеп - шылым шегу, сонымен қатар аурудың дамуына басқа да факторлар әсер етеді: тұқымқуалаушылық, өкпенің созылмалы аурулары, ауаның ластануы және кәсіби зияндылықтар.
Қауіп факторлары
-Тұқымқуалаушылық бейімділік: жақын туыстарында өкпе обырының болуы.
-Тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары (ӨСОА, туберкулезден кейінгі тыртықтар және т.б.).
-Шылым шегу — негізгі қауіп факторы. Ол өкпе обырының даму қаупін 15 еседен астам арттырады және 22-ден астам қатерлі ісік түрінің себебі болып табылады.
-Кәсіби зияндылықтар: асбест, мышьяк, радон әсері, шаңды бөлмелерде жұмыс істеу, химиялық заттар мен дизель түтінінің ықпалы.
-Сыртқы ауаның ластануы және пассивті шылым шегу.
Ерте диагностика: нені білу маңызды
Өкпе обырының бастапқы кезеңінде ауру көбінесе белгілерсіз өтеді. Тұрақты жөтел, ентігу, кеудедегі ауырсыну, қақырықтағы қан сияқты белгілер кеш пайда болады. Сондықтан қауіп тобына жататын адамдарға уақтылы тексеруден өту өте маңызды.
Тексеру әдістері
-Төмен дозалы компьютерлік томография (КТ) - қауіп тобына кіретін адамдарды скринингтен өткізудің ең тиімді әдісі.
-Кеуде қуысының рентгенографиясы (екі проекцияда) — кең қолжетімді тексеру тәсілі.
-Бронхоскопия -тыныс жолдарын көру және биопсия алу үшін қолданылады.
-Талдаулар мен биомаркерлер - ғылыми зерттеулерде дамып келе жатқан болашағы зор бағыт.
Алдын алу шаралары
Өкпе обырының негізгі алдын алу шарасы - шылым шегуден бас тарту. Тіпті көп жыл шылым шеккен адамдар үшін де шылымды тастау ауру қаупін едәуір төмендетеді.
-Қауіп тобына кіретін болсаңыз, жыл сайын кеуде қуысының рентгенографиясынан (екі проекцияда) өтіңіз.
-Диспансерлік тексерулерден және дәрігердің тұрақты бақылауынан өтуді ұмытпаңыз.
-Зиянды заттармен жұмыс істеу кезінде жеке қорғаныс құралдарын қолданыңыз және кәсіпорында медициналық тексеруден уақытылы өтіңіз.
-Ауаның ластануын азайтыңыз: бөлмені желдетіңіз, ауа тазартқыштарды пайдаланыңыз, ауаның ластануы жоғары кезеңдерде далада ұзақ болмаңыз.
-Салауатты өмір салтын ұстаныңыз: дұрыс тамақтаныңыз, дене белсенділігін арттырыңыз, алкогольді шамадан тыс тұтынудан бас тартыңыз.Өкпе обырын алдын алу апталығы (2025 жылғы 3–9 қараша)
Бұл апта - өз денсаулығыңыз туралы ойлануға және нақты қадамдар жасауға тамаша мүмкіндік.
Ерте диагностика мен зиянды әдеттерден бас тарту- ауру қаупін азайтудың басты жолдары.

Өзіңіз бен жақындарыңызды қорғаңыз -тексерілуді кейінге қалдырмаңыз!
Дербес төлеушілер үшін МӘМС жарналары

Комментариев нет
Просмотров: 5