ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу: өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз
Күз-қыс маусымында жедел респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ) мен тұмаумен ауру қаупі артады. Аурудың алдын алу үшін біздің емхананың дәрігерлері қарапайым әрі тиімді профилактикалық шараларды сақтауды ұсынады.
Негізгі ұсынымдар:
-Жеке гигиена ережелерін сақтаңыз: жөтелгенде немесе түшкіргенде аузыңыз бен мұрныңызды жабыңыз, қолыңызды жиі сабындап жуыңыз, антисептиктерді пайдаланыңыз.
-Адамдар көп жиналатын орындардан аулақ болыңыз. Егер бұл мүмкін болмаса -кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтаңыз.
=Ауырған адамдармен байланыс жасамаңыз. Егер отбасы мүшелерінің бірі ауырса, оны бөлек бөлмеге оқшаулауға тырысыңыз.
-Қоғамдық орындардан кейін қолыңызды мұқият жуыңыз және жуылмаған қолмен бетіңізге тимеңіз.
-Мұрынды және тамақты тұзды ерітіндімен (1 литр қайнатылған суға 1 шай қасық тұз) немесе дәріханалық дайын ерітінділермен шаю ұсынылады.
-Ашық ауада көбірек уақыт өткізіңіз - сыртта жұқтыру қаупі ең төмен.
-Үй-жайда жайлы микроклимат сақтаңыз: температура 20–22 °C және жеткілікті ылғалдылық болуы тиіс.
-Бөлмені жиі желдетіңіз - сағатына бір рет 15–20 минуттан толық ашық тереземен.
Арнайы профилактика - тұмауға қарсы жыл сайынғы вакцинация. Егуден кейін иммунитет шамамен 2 аптада қалыптасады және бүкіл маусым бойы қорғаныс береді.
Вирустыққа қарсы, иммундық жүйені күшейтетін және басқа да препараттарды қабылдамас бұрын міндетті түрде дәрігермен кеңесіңіз.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз!
Қызметкерлер үшін МӘМС-ға аударымдар мен жарналар

Комментариев нет
Просмотров: 3