Кезекті премьераға О. Бөкейдің «Жылымық» әңгімесі негіз болды
Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық қазақ музыка-драма театрының ұжымы 36-шы маусымдағы кезекті премьераның тұсауын кескелі отыр.
Премьераның атауы - «Біз туралы».
Театр ұжымының бұл жолғы таңдауы адам жүрегіндегі мейірім мен сағыныш, сүйіспеншілік пен кешірім жайлы сыр шертетін әсерлі драмаға түсті.
Қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Жылымық» әңгімесінің желісі бойынша сахналанатын «Біз туралы» драмалық лирикасы адамның рухани әлемін, өмірдің аязды сәттерінде де жылылық табуға ұмтылған жанның ішкі күресін бейнелейді. «Біз туралы» – бұл табиғаттағы көктемнің лебі ғана емес, адамдар арасындағы қатынастағы жылулықтың, жан дүниедегі махаббаттың қайта оянуы.
Премьералық қойылымның қоюшы режиссері Жангелді Садықов, пластика режиссері Ақтілек Ақанова, қоюшы суретші Айсұлу Шарипова.
Лирикалық драма жанрындағы премьералық қойылым 28, 29 қараша күндеріне жоспарланған.
Аймауытов атындағы облыстық қазақ музыка-драма театры