Меню KDT

“Lesson Study әдісін мектепте тиімді пайдалану” тақырыбында әдістемелік семинар өтті.

12-қараша күні Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша «Оқу әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Lesson study» зерттеуін іске асыру бойынша жетекші және серіктес мектептер №28, №23, №30 және IT мектеп-лицей арасында “Lesson Study әдісін мектепте тиімді пайдалану” тақырыбында әдістемелік семинар өтті.


12-қараша күні Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша «Оқу әдістемелік орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен «Lesson study» зерттеуін іске асыру бойынша жетекші және серіктес мектептер №28, №23, №30 және IT мектеп-лицей арасында “Lesson Study әдісін мектепте тиімді пайдалану” тақырыбында әдістемелік семинар өтті. Семинардың мақсаты – педагогтердің кәсіби тәжірибесін жетілдіру, заманауи оқыту әдістерін тәжірибе жүзінде талдау және тиімді тәсілдерді ортақ пайдалану болды. Шара барысында «Оқу әдістемелік орталығы» КММ әдіскері Э.А.Рахметова, №34 ЖБББ-нің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Б.К.Жумаев сөз алып, “Lesson Study” сабағын зерттеу жұмысының мәні мен мақсатын жан-жақты түсіндірді. Сонымен бірге, бұл әдістің мұғалімдердің кәсіби дамуына, сабақ сапасын арттыруға және оқушылардың білім алу үдерісін терең талдауға мүмкіндік беретін тиімді тәсіл екенін атап өтті. Мұғалімдер ашық сабақтар өткізіп, оқыту үдерісіндегі жаңа тәсілдердің нәтижелілігін көрсетті. Семинар қатысушылары өзара ой бөлісіп, тәжірибе алмасып, педагогикалық шеберлікті арттыру бағытында құнды ұсыныс пен пікірлерін білдірді. Семинар мазмұны мен ұйымдастырылу деңгейі жоғары бағаланып, қатысушыларға кәсіби шабыт пен жаңа идеялар сыйлады.


Комментариев нет
Просмотров: 15
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 14.11.2025 в 11:37