Меню KDT

Облыстық онлайн-семинар өтті!

Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 10 қазан күні «Қазақ тілінде еркін сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.


Семинардың мақсаты – облыс бойынша қазақ тілінде оқытатын мектепке дейінгі ұйымдардың меңгерушілері мен тәрбиешілерінің еркін сөйлеу дағдыларын дамытуға қолдау көрсету, кәсіби сөйлеу мәдениетін жетілдіру және тәжірибе алмасуға жағдай жасау.

Іс-шараға облыстың барлық аудан-қалаларынан балабақша меңгерушілері, тәрбиешілер, әдіскерлер және орталық мамандары қатысып, жалпы 115 адам қамтылды.

Семинар барысында Семей қаласындағы «№32 ЖОББМ» КММ және «№45 ЖОББМ» КММ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сыдыкова К.Қ. және Кенжебаева Ә.О. қатысушыларға қазақ тілінде таза сөйлеу дағдыларын дамытуға арналған тиімді әдіс-тәсілдер мен нақты жұмыс үлгілерін ұсынды.

Іс-шара педагогтердің тілдік құзыреттілігін жетілдіруге зор ықпал етті.
Қатысушылар семинар соңында өз ой-пікірлерін ортаға салып, тәжірибе алмасудың маңыздылығын ерекше атап өтті.


Комментариев нет
Просмотров: 77
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 10.10.2025 в 11:15