Меню KDT

КІТАП ОҚУ МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ВЕБИНАР ӨТКІЗІЛДІ

«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының «Балалар кітапханасы» жобасын жүзеге асыру және білім алушыларды кітап оқуға баулу мақсатында «Әлеуметтік жобалардың кітап оқу мәдениетін арттырудағы рөлі» тақырыбында вебинар өткізілді.


Вебинардың мақсаты – кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шараға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен мектеп кітапханашылары қатысты.

Вебинар барысында Аягөз, Жарма аудандары мен Семей қаласының педагогтері мен кітапханашылары кітап оқу мәдениетін арттыруға бағытталған әлеуметтік жобаларымен бөлісті.

Сонымен қатар, «Балалар кітапханасы» жобасы аясында табысты жүзеге асырылып жатқан:
«8 минуттық кітап оқу»
«1000 кітап»
«Оқуға құштар шәкіртпін»
«5 кітап + 5 фильм = менің капиталым»
«Ертегі айтып беремін»
«1 айда – 1 кітап»
сияқты әлеуметтік жобалар таныстырылып, олардың жұмыс алгоритмі көрсетілді.

Спикерлер кітап оқудың тек білім көзі ғана емес, рухани даму мен тұлға қалыптастырудың маңызды тетігі екенін атап өтті.

Осындай вебинарлар арқылы кітап оқу мәдениетін кеңінен насихаттау ісі алдағы уақытта да жалғасын табады.

Бұл вебинар — өскелең ұрпақтың оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды! 


Комментариев нет
Просмотров: 80
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 15.10.2025 в 11:27