Меню KDT

МЕКТЕПАЛДЫ ДАЯРЛЫҚ ПЕН БАСТАУЫШ БІЛІМ: САБАҚТАСТЫҚ – ТАБЫС КІЛТІ

2025 жылдың 22 қазан күні Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес «Мектепалды даярлық және бастауыш білім беру: өзекті мәселелерді шешудің тиімді жолдары» тақырыбында облыстық онлайн-семинар өтті.


Семинарға өңіріміздің мектепалды даярлық топтарының тәрбиешілері, бастауыш сынып мұғалімдері мен орталық мамандары қатысты.
Негізгі мақсат – білім беру сабақтастығын қамтамасыз ету арқылы баланың табысты оқу жолының іргетасын қалау.

Іс-шара барысында педагогтер өз тәжірибелерімен бөлісіп, мектепалды даярлық пен бастауыш буын арасындағы сабақтастықтың оқу сауаттылығын, математикалық және әлеуметтік дағдыларды қалыптастырудағы маңызын көрсетті.

Семинардың сұрақ-жауап сессиясында қатысушылар ата-анамен тиімді байланыс орнату, оқушының мотивациясын арттыру және бейімделу кезеңінде психологиялық қолдау көрсету мәселелерін талқылады.

Қорытындысында семинар білім беру процесіндегі үздіксіздіктің маңызын айқындап, педагогтердің кәсіби дамуына серпін берді.


Комментариев нет
Просмотров: 81
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 22.10.2025 в 12:10