Меню KDT

2025 жылғы 24 қазанда “Авиценна жоғары медициналық колледжі” базасында Абай облысының медициналық колледждерінің жас оқытушылары арасында өткізілген “Medical soft skills” педагогикалық шеберліктің қорытынды чемпионаты аяқталды!

Жарыс екі модуль бойынша өтті:
А модулі — “Медициналық ұйым (хоспис / стационар) жағдайында дәлелді күтімді жүзеге асыру”
В модулі — “Пациентті үйде емдеуді жүзеге асыру”


Чемпионат барысында қатысушылар кәсіби дайындықтың жоғары деңгейін, педагогикалық шеберлікті, коммуникативтік дағдыларды және практикалық тапсырмаларды орындауға шығармашылық көзқарасты көрсетті.

Чемпионат қорытындысы бойынша орындар келесідей бөлінді:
1 орын — Семей қаласының “Д. Қалматаев атындағы Мемлекеттік медицина колледжі” КМҚК, Данияров Арайлым Ермекқызы
2 орын — “Авиценна” жоғары медициналық колледжі білім беру мекемесі, Ақтымбаева Назира Бағланқызы
3 орын — “Семей” медициналық колледжі мекемесі, Бейсембаева Шынар Еркінқызы

“Medical soft skills” чемпионаты тәжірибе алмасуға, педагогикалық құзыреттілікті дамытуға және болашақ мейірбике мамандарын оқытуда заманауи тәсілдерді ілгерілетуге ықпал ететін кәсіби қоғамдастық үшін маңызды оқиға болды.


Комментариев нет
Просмотров: 95
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 24.10.2025 в 12:11