Абай облысы бойынша 2025 жылғы «Үздік педагог» байқауының нәтижесі!
“Үздік педагог” атағын беру қағидаларына сәйкес (ҚР БҒМ 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығы) Абай облысында дәстүрлі байқау өткізілді. Аудандық (қалалық) кезеңге – 56, облыстық кезеңге – 19 педагог қатысты. Оның ішінде аудан мектептерінен – 12, мамандандырылған мектептен – 1, колледждерден – 6 педагог бақ сынады.
Абай облысынан республикалық кезеңге 9 педагог қатысып, олардың ішінде 3 ұстаз «Үздік педагог» атағын иеленді!
1 орын — Жумабекова Гүлмира Бектемірқызы – Семей қ., №5 гимназия, тарих пәні
1 орын — Елюбаева Наталья Геннадьевна – Бородулиха ауданы, Жезкент мектеп-лицейі, информатика пәні
1 орын — Шынарбек Шыңғыс Әбілұлы – Семей қ., Электротехникалық колледж, арнайы пәндер
Барлық жеңімпаздар ҚР Оқу-ағарту министрлігінің марапаттау рәсімінде «Үздік педагог» куәлігімен, төсбелгімен және сыйақымен марапатталды.
Барша ұстаздарды құттықтаймыз!
Сіздер – ұлт болашағын тәрбиелеп жатқан мақтаныш иесісіздер!