Меню KDT

Онлайн вебинар: “Мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналармен жұмысты ұйымдастыру”

Абай облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы “Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған онлайн вебинар өткізді.


Мақсаты: мектепке дейінгі ұйымдарда «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жобаларын тиімді ұйымдастыруда педагогтерге әдістемелік қолдау көрсету.

Вебинар барысында Жарма ауданының “Ақбота”, “Бастау”, “Аққу” балабақшаларының педагогтері – Кабишева Б.Х., Сахариева Б.Д., Мұханбетова Г.Ж. өз тәжірибелерімен бөлісіп, ата-аналармен жұмыстың тиімді үлгілерін ұсынды.

Спикерлер мектепке дейінгі ұйым мен отбасының тығыз байланысы бала тәрбиесінде ұлттық салт-дәстүрлер мен құндылықтарға сүйенудің маңыздылығын атап өтті. Баланың бойында дербестік, еркіндік пен патриоттық сезім қалыптастыруда «Әжелер мектебі», «Аналар мектебі», «Әкелер мектебі» жобаларының рөлі ерекше екені айтылды.

Ай сайын онлайн түрде өтетін бұл вебинарлар педагогтердің тәжірибе алмасуына, ата-аналарды қолдауға және отбасылық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тұрақты алаңға айналды.


Комментариев нет
Просмотров: 92
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 29.10.2025 в 12:27