АБАЙ АУДАНЫНДА ОБЛЫСТЫҚ КӨШПЕЛІ СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТУДЕ
2025 жылғы 29 қазан күні Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес, Абай ауданының мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының педагогтерімен облыстық көшпелі семинар-тренинг өткізілді.
Семинар-тренингке 50-ге жуық педагог қатысып, келесі 3 тәжірибелік алаңда жұмыс жүргізді:
Мектеп директорлары мен орынбасарлары – «Басқару және көшбасшылық: стратегиялық жоспарлау, шешім қабылдау»
«Мектептегі өзгерістерді басқару: кәсіби даму, қолдау жүйесі»
Бастауыш сынып мұғалімдері мен мектепалды даярлық тобы тәрбиешілері – «PIRLS стандартына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту»
Іс-шараның мақсаты – білім беру ұйымдары арасында өзара әрекеттестік алаңын қалыптастыру, педагогтер мен басшылардың кәсіби құзыреттіліктерін арттыру арқылы білім сапасын көтеру.
Семинар барысында Семей қаласы мен Бесқарағай ауданынан келген тәжірибелі спикерлер өздерінің теориялық және практикалық тәжірибелерімен бөлісті.
Бұл семинар-тренинг Абай ауданы педагогтерінің кәсіби дамуына серпін беріп, табысты тәжірибелер мен идеялар алмасуға мүмкіндік жасады.