Меню KDT

“Үздік дене шынықтыру педагогы – 2025” облыстық кезеңінің жеңімпаздары анықталды!

Абай облысы білім басқармасы «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ 2025 жылғы 22–24 қазан күндері дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің шығармашылық бастамасын қолдау, кәсіби шеберлігін арттыру және еңбегінің беделін көтеру мақсатында республикалық конкурстың облыстық кезеңін өткізді.


Байқауға аудандық және қалалық кезеңдердің 9 үздік педагогі қатысып, үш кезең бойынша бақ сынады:

  1. «Креативті педагог» – кәсіби тәжірибенің таныстырылымы;

  2. «Заманауи дене шынықтыру сабағы» – бейтаныс сыныптағы сабақ көрсету;

  3. «Үздік спорттық-бұқаралық іс-шара» – бұқаралық спорттық шара ұсыну.

Қорытынды бойынша әділ-қазылар шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталды:

I орын – Тюлегетаев Нуржан Дуйсенгазыевич
(Жарма ауданы, В. Маяковский атындағы орта мектеп)

II орын – Саитбеков Тимур Саитбекұлы
(Семей қаласы, Қ. Рысқұлбеков атындағы №33 мектеп)
және Калиясов Асхат Нурланович
(Бесқарағай ауданы, Қ. Рысқұлбеков атындағы орта мектеп)

III орын – Скоробогатов Владимир Владимирович
(Бородулиха ауданы, Красный Яр орта мектебі)
және Маутказинов Дулат Саматович
(Көкпекті ауданы, І. Жансүгіров атындағы орта мектеп)

Барлық қатысушыларға сертификаттар, ал жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ тарапынан дипломдар және медальдар табыс етілді.

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Кәсіби жетістіктеріңіз арта берсін, жаңа табыстар мен жеңістер тілейміз!


Комментариев нет
Просмотров: 94
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 29.10.2025 в 12:45