Меню KDT

Абай облысында «Мектептегі өзгерістерді басқару: кәсіби даму, қолдау жүйесі» облыстық көшпелі семинар-тағылымдама өтті

29 қазан 2025 жыл Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес Абай ауданының мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының басшылары мен орынбасарларына арналған «Мектептегі өзгерістерді басқару: кәсіби даму, қолдау жүйесі» атты облыстық көшпелі семинар-тағылымдама ұйымдастырылды.


Шара барысында Бесқарағай ауданы білім бөлімінің «№1 жалпы білім беретін орта мектеп» КММ директоры Еркинбаева Нұржанат Амангельдиевна және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Чегибаева Газиза Қайсиновна өз тәжірибелерімен бөлісіп, өзгерістер психологиясы, басқару стилі мен көшбасшылық модельдері, сондай-ақ педагогтердің кәсіби дамуын қолдау жүйелері тақырыптарын талқылады.

Қатысушылар мектептегі әдістемелік қызметті жүйелеудің маңыздылығын тәжірибелік жаттығулар арқылы талдап, «Өзгерістер картасы», «Келешек мектебінің моделін жасау» кейс-тапсырмаларын орындап, әрекет қадамдары мен даму жоспарын бірлесе әзірледі.

Семинар-тағылымдама білім беру ұйымдары арасында кәсіби ынтымақтастықты нығайтуға және басшылардың басқарушылық құзыреттіліктерін арттыруға зор үлес қосты.


Комментариев нет
Просмотров: 77
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 30.10.2025 в 12:49