Меню KDT

«ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӘРБІР БАЛА ҮШІН ҮЗДІК БАСТАМА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ

30–31 қазан 2025 жылдары, Астана қаласында Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі, ЮНИСЕФ Қазақстан, сондай-ақ денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, мәдениет және ақпарат салаларының өкілдері бірлесіп, кіші жастағы балалардың дамуы мен әл-ауқатына арналған «Қазақстандағы әрбір бала үшін үздік бастама» тақырыбында халықаралық конференция өткізді.


Конференцияның мақсаты:
Кіші жастағы балаларға күтім мен білім берудің тиімді стратегияларын енгізу үшін саясаткерлерді, тәжірибелі мамандарды, зерттеушілерді және мүдделі тараптарды біріктіру.

Негізгі бағыттар:

  1. Балаларға күтім және олардың дамуындағы денсаулық сақтау жүйесінің рөлі

  2. Мектепке дейінгі білім беру қызметтерінің тең қолжетімділігі

  3. Ерте балалық шақ мәселелерінде білім, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және мәдениет секторларының өзара іс-қимылы

Конференция барысында еліміздегі ерте балалық шақты қолдауға бағытталған Ұлттық үндеу мен «Сәтті бастау» 2025–2027 жылдарға арналған ведомствоаралық кешенді жоспар қабылданды.

Абай облысынан аудандық құзыреттілік орталықтарының өкілдері —
Каирханова Рауфа Маликовна (Ақсуат ауданы білім бөлімінің «Асыл» балабақшасы КМҚК) және
Ромазанова Зульфия Кенжетаевна (Жарма ауданы білім бөлімінің «Балауса» балабақшасы КМҚК)
мектепке дейінгі ұйымдар меңгерушілері конференция жұмысына қатысуда.

Бұл бастама – еліміздегі әрбір баланың толыққанды дамуы мен бақытты балалық шағын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды қадам.


Комментариев нет
Просмотров: 85
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 30.10.2025 в 12:53