Меню KDT

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты бағыттардың бірі – оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру. Бұл міндет әсіресе халықаралық PIRLS стандартының талаптарына сәйкес келетін оқу жетістіктерін қалыптастыру аясында ерекше маңызды болып отыр.


29 қазан күні Абай ауданы Қарауыл гимназия мектебінде Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастырған
«Мектепке дайындық және бірінші сынып оқушыларының бейімделуі: балабақша мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастық» атты облыстық семинар өтті.

Семинардың мақсаты:
Бастауыш сынып оқушыларының мәтінді түсіну, талдау, өз ойын жүйелі жеткізу қабілеттерін арттыру арқылы оқу сауаттылығын дамыту және PIRLS зерттеуінің талаптарына сай оқу жетістіктерін қалыптастыру.

Семинар барысында тәжірибелі мұғалімдер өз іс-тәжірибелерімен бөлісті:

  • «PIRLS стандартына сәйкес бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын дамыту» (3-сынып) – Азаматова Әсем Мұқановна, «Ы. Алтынсарин атындағы №37 гимназия» КММ.

  • Оқу сауаттылығын дамытудағы тиімді тәсілдер (4-сынып) – Дүйсенбаева Айгүл Тілегеновна, «№35 ЖОББМ» КММ.

  • «Білімге қызығушылықты дамытудағы мектепалды және бастауыш буын сабақтастығы» – Қайратбекқызы Амангүл, «№44 ЖОББМ» КММ.

Түйін:
Балабақшадағы танымдық әрекеттерден бастап, бастауыш мектептегі күрделі мәтіндерді талдауға дейінгі сабақтастық – оқу сауаттылығын дамытудың берік негізі.

Семинар соңында өткен пікірталас пен сұрақ-жауап бөлімдері мұғалімдерге тәжірибе алмасуға және өз ойларын ортаға салуға мүмкіндік берді.

Бұл іс-шара – Қазақстандағы жас ұрпақтың оқу сауаттылығын халықаралық деңгейге көтеруге бағытталған маңызды қадамдардың бірі.


Комментариев нет
Просмотров: 90
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 30.10.2025 в 12:58