«Цифрлы ұстаз» облыстық конкурсы өтті
2025 жылғы 30 қазан күні М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі базасында Абай облысы техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары оқытушылары арасында «Цифрлы ұстаз» облыстық конкурсы ұйымдастырылды.
Мақсаты:
Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру, білім беру процесінде цифрлық технологияларды тиімді қолдануды насихаттау және заманауи IT-құралдар арқылы инновациялық тәжірибені тарату.
Конкурс үш бағыт бойынша өтті:
Цифрлық білім беру ресурстары
Электронды оқулықтар, бейнесабақтар, онлайн курстар мен интерактивті тапсырмалар.Сандық педагогикалық инновациялар
AR/VR, геймификация, қашықтан оқыту платформалары, STEAM және робототехника элементтерін қолдану.Мобильді және веб-қосымшаларды қолдану
Google Classroom, Moodle, Teams сияқты платформалар, мобильді қосымшалар және жеке веб-сайттар, блогтар.
Жеңімпаздар:
Цифрлық білім беру ресурстары бағыты бойынша:
I орын – Сентаева Асия Боранбаевна, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, информатика пәні оқытушысы
II орын – Куспанова Лаура Узакбаевна, М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі, химия пәні оқытушысы
III орын – Тусупқанов Бекжігіт Нұрланұлы, «Семей» жоғары медициналық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы
Сандық педагогикалық инновациялар бағыты бойынша:
I орын – Каримова Алина Гильмановна, «Геологиялық барлау колледжі», ағылшын тілі пәні оқытушысы
II орын – Мусатаева Айгерим Кайратовна, «Геологиялық барлау колледжі», информатика пәні оқытушысы
III орын – Мусина Саулет Викторовна, «Семей» жоғары медициналық колледжі, география пәні оқытушысы
Мобильді және веб-қосымшаларды қолдану бағыты бойынша:
I орын – Амангелді Фариза Ғадлетқызы, «Геологиялық барлау колледжі», арнайы пәндер оқытушысы
II орын – Кунанбаева Дина Шалқаровна, «Семей» жоғары медициналық колледжі, арнайы пәндер оқытушысы
III орын – Тлеумбетова Гаухар Қызырхановна, «Электротехника колледжі», информатика пәні оқытушысы
Барлық жеңімпаздар «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ атынан I, II, III дәрежелі Дипломдармен, ал қатысушылар Сертификаттармен марапатталды.
Конкурс педагогтердің шығармашылық белсенділігін арттырып, жаңа идеяларға шабыт берді. Бұл бастама жыл сайын жалғасын табады.