Меню KDT

“ Бой түзеу-әуелі ой түзеу” тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.

“ Бой түзеу-әуелі ой түзеу” тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды.


“Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында АЛДЫН-АЛУ ІС-ШАРАСЫ 11 қараша күні 9-11 сынып қыз балаларына “ Бой түзеу-әуелі ой түзеу” тақырыбында жиналыс ұйымдастырылды. Мақсаты: жасөспірім қыз балалардың бойында әдептілік, инабаттылық, жауапкершілік қасиеттерін қалыптастыру және қыз бала денсаулығын сақтау және гигиена мәдениеті жөнінде түсінік беру.Жиналысқа №2 Ақтау қалалық емханасының гинеколог маманы Аскарова Асель Аскаровна және психолог Камашова Асем Нуртайовна қатысып, қыз балаларға жасөспірім кезеңдегі физиологиялық өзгерістер, ерте жүктіліктің зияны және репродуктивті денсаулықты қорғау туралы кеңес берді. Сонымен қатар мамандар берілген сұрақтарға жауап берді.


Комментариев нет
Просмотров: 7
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 18.11.2025 в 15:16