Меню KDT

Абай облысында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды дамытуға арналған облыстық семинар өтті

2025 жылғы 6 қараша күні Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі өкілдерінің қатысуымен «Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарды дамыту перспективалары» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.


Бұл шара Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаменті мен «Балаларды ерте дамыту институты» РММ қолдауымен, сондай-ақ «Асыл ұрпақ Қауымдастығы» Өзін-өзі реттейтін ұйымының 2025 жылғы 20 қазандағы №13 хаты негізінде жүзеге асырылды.

Мақсаты:
Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың қызметін жетілдіру, олардың жұмыс жүйесін уәкілетті органмен бірлесіп реттеу және көрсетілетін қызмет сапасын арттыру. Сонымен қатар, «Асыл Ұрпақ Қауымдастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымының қағидалары мен стандарттарын таныстыру, пилоттық жобаның маңыздылығын түсіндіру.

Іс-шараны ашқан:
«Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ мектепке дейінгі, мектепалды және бастауыш білім беру бөлімінің басшысы Жумагулова Айжан Жумабековна, облыстағы жекеменшік ұйымдардың жетістіктері мен өзекті мәселелеріне тоқталды.

Сөз алғандар:

  • Батырбекова Кулянда Уалихановна, «Асыл Ұрпақ Қауымдастығы» президенті – өзін-өзі реттейтін ұйымның миссиясы мен міндеттері, қаржылық сауаттылық бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді;

  • Адамова Манара Елекеновна, ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Мектепке дейінгі білім беру департаментінің басшысы – білім сапасы, кадрлық қамтамасыз ету және инфрақұрылымды жетілдіру бағыттарын атап өтті;

  • Ерманова Мария Наятовна, «Балаларды ерте дамыту институты» РММ директоры – мектепке дейінгі білім беру мазмұнын жаңарту бағыттарын түсіндірді;

  • Куптлеуова Бағым Аубакировна, департаменттің мазмұн басқармасының басшысы – «Педагог мәртебесі туралы» ҚР Заңы мен нормативтік актілер жайлы толық ақпарат берді.

Семинарға облыс бойынша 50-ден астам жекеменшік балабақша құрылтайшылары, басшылары мен педагогтері қатысты.

Іс-шара соңында «Асыл Ұрпақ Қауымдастығы» өзін-өзі реттейтін ұйымының пилоттық жобасының негізгі қағидалары мен стандарттары таныстырылып, қатысушыларға тәжірибелік ұсынымдар берілді.


Комментариев нет
Просмотров: 93
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 07.11.2025 в 14:22