100 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ОРДАЛАРЫ ФЕСТИВАЛІ
Абай облысында тарихы 100 жыл және одан да көп уақытты қамтитын білім беру ұйымдары арасында «100 жылдық тамыры терең, тағылымы мол білім ордасы: білім мен тәрбиенің алтын арқауы» атты ауқымды фестиваль өтті.
Фестивальдің мақсаты – ғасырлық тарихы бар оқу орындарының жетістіктерін дәріптеу, олардың білім беру мен тәрбиеге қосқан үлесін айқындау, сондай-ақ тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыру болды.
Фестивальге облысымыздың келесі білім беру ұйымдары қатысты:
• М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі
• Н.Г. Чернышевский атындағы №1 ЖОББМ
• С. Ғаббасов атындағы ЖОББМ
• С. Бегалин атындағы ЖОББМ
• Қаражал негізгі мектебі
• Куйбышев атындағы негізгі мектебі
• №16 Төлеубай Аманов атындағы ЖОББМ
• Көктал мектеп-бақшасы
• Шәкәрім атындағы көпбейінді №5 гимназиясы
• К. Қадыржанов атындағы Қызылқия ЖОББМ
• №17 ЖОББМ
• Шынқожа батыр атындағы ЖОББМ
• Салқынтөбе НМ
• Семей қаласының №6 гимназиясы
• Оспанқұл Меңаяқұлы атындағы ЖОББМ
• Сейфуллин атындағы мектеп-бақшасы
• Қажыкелді атындағы негізгі мектебі