Меню KDT

«Ұрпақ жүрегіне жол» жобасы таныстырылды

Қоғамдық, құқықтық және мемлекеттік ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен тәрбие мен даму үдерісіндегі заманауи мәселелерді шешу мақсатында ата-аналарға практикалық көмек көрсету, бала көңілін түсіну, өзін-өзі тануға бағыт беру, тәрбие туралы пікір алмасу, ата-аналарға балаға рухани тәрбие берудегі отбасының рөлін түсіндіру және ата-аналар мен баланың жүрегіне жол табу мақсатында «Ұрпақ жүрегіне жол» жобасы таныстырылды.


Жоба қоғамдық, құқықтық және мемлекеттік ұйымдардың өзара серіктестігі арқылы ата-аналар мен баланың жүрегіне жол табуға бағытталған.

Іс-шараға Абай облысы ардагерлер кеңесінің жастар мен жасөспірімдерді патриоттық және рухани-адамгершілікке тәрбиелеу комиссиясының төрағасы, ҚР халқы Ассамблеясы Абай облысы филиалының Аналар кеңесі, облыстық ата-аналар қоғамдастығы, облыстық психологиялық қолдау орталығы, әдістемелік орталық пен білім басқармасының жанындағы Әкелер кеңесі, сондай-ақ аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, мектеп педагогтері және ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты.

Таныстырылым барысында тәрбие үдерісінде қоғамдық, құқықтық және мемлекеттік ұйымдардың әлеуметтік серіктестермен өзара іс-қимылын үйлестіру, тәжірибеге бағытталған заманауи тәсілдер мен әдістерді қолдану, ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыретін арттыру, отбасылық және ұлттық құндылықтарды құрметтеу, балалардың рухани-адамгершілік қасиеттерін дамыту жайлы өзекті пікірлер айтылды.

Жоба аясында әлеуметтік серіктестіктердің тәрбиелік үдерістегі рөлін арттыру, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және тиімді тәжірибелерді тарату бағытындағы міндеттер талқыланды.


Комментариев нет
Просмотров: 93
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 14.11.2025 в 15:02