Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының 1-отырысы өтті
2025 жылғы 06 қараша күні Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының Оқыту мазмұны және білім сапасының мониторингі бөлімі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің қауымдастығының «Ізденіс пен жаңашылдық – кәсіби дамудың кілті» тақырыбындағы 1-отырысын ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта өткізді.
Мақсаты:
Пән мұғалімдеріне оқу процесіне «Адал азамат» бағдарламасында белгіленген базалық құндылықтарды енгізу және жасанды интеллектіні сабаққа кіріктіру бойынша әдістемелік қолдау көрсету.
Іс-шараға аудан/қала қауымдастық жетекшілері мен 100-ден астам пән мұғалімдері қатысты.
Отырыста келесі баяндамашылар өз тәжірибелерімен бөлісті:
Абдухамитов Айдар Абдихатұлы,
ОИӘО тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы
«Мектептегі оқыту мен тәрбиенің тұтастығы. “Адал азамат” бағдарламасындағы базалық құндылықтарды пәнге кіріктіру»
Сержан Мадина Сержанқызы,
Инновациялық жобаларды енгізу бөлімінің әдіскері
«Жасанды интеллект дәуіріндегі педагог құзіреті мен этикасы»
Отынбаева Дана Бекеновна,
Оқыту мазмұны мен білім сапасын мониторингілеу бөлімінің әдіскері
«Авторлық бағдарламаны әзірлеу және қолданысқа енгізу жолдары»
Жұмағалиева Назымгүл Жұмағалиқызы,
Бесқарағай ауданы, «Глуховка орта мектебі» КММ
«Әдеби кейіпкерлерді комикс арқылы оқыту: ЖИ жаңа дәуірдің оқыту әдісі»
Семинар соңында педагогтердің ұсыныстары тыңдалып, кері байланыс алынды. Қатысушылар жаңашыл идеялармен алмасып, кәсіби дамуға бағытталған мазмұнды диалог жүргізді.