Меню KDT

PISA-based Test for Schools (Мектептерге арналған PISA) халықаралық зерттеуін өткізу бойынша түсіндірме жұмыстары өтті

2025 жылғы 20 қарашада Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ онлайн форматта PISA-based Test for Schools халықаралық зерттеуін өткізу бойынша түсіндірме жұмыстарына арналған вебинар ұйымдастырды.


Вебинардың мақсаты:
PISA-based Test for Schools халықаралық салыстырмалы зерттеуіне іріктелген орта білім беру ұйымдары үшін әдістемелік ұсынымдар беру, зерттеуді өткізу тәртібімен және ұйымдастыру ерекшеліктерімен таныстыру болды.

Білім сапасын бағалау және мониторингілеу бөлімінің басшысы Асель Айдынқалыевна Игентаева мектеп үйлестірушілеріне және қала/аудан білім бөлімдерінің жауапты мамандарына зерттеуге қатысты толық ақпарат ұсынып, оның ұйымдастырылуы мен өткізілу талаптарын егжей-тегжейлі түсіндірді.

Вебинар барысында бөлім әдіскері Альмира Болатханқызы Досанова техникалық жабдықталуға жауапты ІТ мамандарына арналған нұсқаулықтармен таныстырып, прокторинг үдерісін үйлестіру бойынша түсіндірме жасады.

Іс-шараға аудандық және қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, сондай-ақ іріктелген 29 білім беру ұйымының мектеп үйлестірушілері мен ІТ мамандары қатысты. Вебинар соңында қатысушылар өз сұрақтарын қойып, толыққанды жауап алды.

Вебинар материалдары аудандық және қалалық білім бөлімдерінің жауапты әдіскерлеріне танысу үшін жолданды.


Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 22.11.2025 в 11:55