«Мектепке дейінгі білім беруді үйлестірудің заманауи тәсілдері» облыстық онлайн-вебинары өтті
18.11.2025 жылы «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдастыруымен мектепке дейінгі және бастауыш білім беру саласының өзекті мәселелеріне арналған облыстық онлайн-вебинар өтті.
Вебинардың мақсаты – мектепке дейінгі ұйымдар мен бастауыш мектеп арасындағы сабақтастықты қамтамасыз ету, заманауи әдіс-тәсілдер арқылы педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыру және баланың жан-жақты дамуына қолайлы орта қалыптастыру.
Спикерлер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тиімді әдіс-тәсілдерді ұсынды:
– Г. С. Канжекеева – мектепалды мен бастауыштағы сабақтастықты нығайтудың жолдарын түсіндірді;
– А. Е. Жанысова – халықаралық және отандық тәжірибелер негізінде үйлестіру тәсілдерін талдады;
– Л. Т. Тусупова – даярлық сыныбы мен 1-сынып арасындағы үздіксіз білім беру траекториясының маңызын атап өтті.
Қатысушылар оқу бағдарламаларын ғана емес, баланың психологиялық-эмоционалдық дайындығын ескеру қажеттігін де атап өтті. Іс-шара педагогтердің кәсіби дамуына және білім сапасын арттыруға маңызды серпін берді.