Меню KDT

«Ұрпақ жүрегіне жол» көшпелі тимбилдингі талқыланды

Қоғамдық, құқықтық және мемлекеттік ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ата-аналардың бала жүрегіне жол табуына, тәрбиенің заманауи мәселелерін бірлесе шешуге бағытталған «Ұрпақ жүрегіне жол» көшпелі тимбилдингінің жұмыс алгоритмі талқыланды. Іс-шара ата-аналардың өзін-өзі тануына бағыт беру, тәрбие туралы пікір алмасу және отбасының рухани тәрбиедегі рөлін күшейтуге арналған.


Көшпелі тимбилдинг ата-аналар мен баланың жүрегіне жол табуға, қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың тәжірибелік қолдауы арқылы тәрбие мен даму үдерісіндегі өзекті мәселелерді тиімді шешуге ықпал етуді мақсат етеді.

Отырысқа қатысқан облыстық ата-аналар қауымдастығы, Әкелер кеңесі, облыстық психологиялық қолдау және әдістемелік орталық өкілдері өз ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар мен жобаларға бейімделген заманауи әдістерді пайдалану, әлеуметтік серіктестікті нығайту және ата-аналардың психологиялық-педагогикалық құзыреттілігін арттыруға арналған алаңдарды дамыту бойынша жоспарларымен бөлісті.


Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 22.11.2025 в 12:24