«Шаштараз өнері» мамандығы бойынша облыстық мастер-класс өтті
Бүгін, 21 қараша 2025 жылы, «Дулат Бабатайұлы атындағы Семей жоғары колледжінде» жұмысшы мамандықтар жылы аясында «Шаштараз өнері» мамандығы бойынша облыстық деңгейде мастер-класс өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – студенттердің кәсіби дағдыларын жетілдіру, оларды заманауи үрдістер мен технологиялармен таныстыру, жұмысшы мамандықтарының қоғамдағы маңызын көрсету және жастардың осы салаға қызығушылығын арттыру болды.
Мастер-классты арнайы пәндер оқытушысы Байжуманова Диляра Бақытжалелқызы жүргізді.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.
Комментариев нет
Просмотров: 83