Меню KDT

Абай облысында 2025 жылдың 24 қараша мен 05 желтоқсан аралығында «Мектептерге арналған PISA» халықаралық салыстырмалы зерттеуі жүргізіледі. Зерттеуге 29 білім беру мекемесі іріктелініп алынды.

«Мектептерге арналған PISA» (PISA-based Test for Schools) — білім беру ұйымдарының басшыларына 15 жасар оқушылардың сыни тұрғыдан ойлау және өз білімдерін жаңа контексте шығармашылықпен қолдану қабілеттерін түсінуге көмектесетін цифрлық бағалау. Дәстүрлі PISA зерттеуімен салыстырғанда, «Мектептерге арналған PISA» зерттеуінің мақсаты жеке білім беру ұйымы деңгейінде сыртқы бағалау жүргізу болып табылады.


«Мектептерге арналған PISA» когнитивтік тест арқылы үш бағыт бойынша сауаттылық деңгейін бағалайды: оқу сауаттылығы, математикалық және жаратылыстану сауаттылығы. Сондай-ақ сауалнама жүргізу арқылы контекстік деректерді жинайды.


Комментариев нет
Просмотров: 2
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 25.11.2025 в 12:30