Меню KDT

Астанада климаттық білім беруді жаңғыртуға арналған республикалық семинар өтті

20–21 қараша күндері Астанада ЮНИСЕФ және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының ұйымдастыруымен Қазақстанда климаттық білім беруді жаңғыртуға арналған екінші республикалық семинар өтті.


Семинарды Академия президенті Назипа Аюбаева, ЮНИСЕФ өкілі Татьяна Адерихина және халықаралық сарапшылар ашып, балаларды климаттың өзгеруіне бейімдеу, экологиялық сауаттылықты арттыру және мектептердегі климатқа сезімтал білім беруді күшейтудің маңызын атап өтті.

Қатысушыларға:
– Қазақстан Үкіметі мен ЮНИСЕФ арасындағы серіктестік туралы;
– 2026 жылғы климат саммитіне дайындық барысы туралы ақпарат ұсынылды.

Семинар барысында:
– бастауыш және негізгі мектеп бағдарламаларына жүргізілген талдаудың алғашқы нәтижелері таныстырылды;
– климаттық білім бойынша бар мүмкіндіктер мен негізгі олқылықтар талқыланды;
– ЮНИСЕФ-тің климатқа сезімтал білім беру жөніндегі бағдарламалық басшылығы ұсынылды;
– халықаралық тәжірибе және қазақстандық мектептердің экологиялық жобалары қарастырылды.

Сарапшылар, оның ішінде ЮНИСЕФ консультанттары Фумиё Кагава және д-р Фелиса Тиббитс, оқу бағдарламаларындағы тақырыптық, әдістемелік және оқу нәтижелеріне қатысты маңызды олқылықтарды атап өтті.

Қорытындысында:
– мұғалімдерді қолдауды күшейту,
– климаттық білімді оқу бағдарламасына тиімді енгізу,
– оны ұлттық контекстке бейімдеу бойынша нақты ұсыныстар әзірленді.

Климаттық білім – болашақ ұрпақтың қауіпсіздігі мен тұрақты дамудың негізі.


Комментариев нет
Просмотров: 5
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 25.11.2025 в 12:33