Меню KDT

Абай облысында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар өтті

2025 жылдың 21 қарашасында Абай облысы білім басқармасының «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық семинар ұйымдастырды. Іс-шара «Бастауыш сынып оқушыларының оқу белсенділігін арттырудағы сыни ойлау технологиясының тиімді тәсілдері мен қолдану жолдары» тақырыбына арналды.


Семинардың мақсаты:
– бастауыш сынып оқушыларының оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыруға бағытталған сыни ойлау технологиясының мазмұнын ашу;
– мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін жетілдіру;
– заманауи әдіс-тәсілдермен тәжірибе алмасу;
– оқу-тәрбие үдерісінде тиімді стратегияларды қолдануға әдістемелік қолдау көрсету.

Теориялық және практикалық бөлімдерден құралған семинар жұмысына аудандық пән бірлестіктерінің жетекшілері, әдіскерлер және бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.

Теориялық бөлімді модератор, ОИӘО әдіскері Ж.Д. Жайсанбаева жүргізіп, сыни ойлау технологиясының оқу үдерісіндегі маңызына тоқталды. Ол бұл технологияның оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға, талдау және зерттеу дағдыларын қалыптастыруға, өздігінен білім алуына ықпал ететінін атап өтті.

Сонымен қатар дамыта оқыту, жобалау әдісі, АКТ қолдану, критериалды бағалау және оқу белсенділігін арттырудағы басқа да тиімді тәсілдер жан-жақты қарастырылды.

Практикалық бөлімде мұғалімдер тәжірибесі ұсынылды:

– Семей қаласының «№… мектебі» КММ мұғалімі Сагатова Асем Кадирбековна «Оқу белсенділігін арттырудағы сыни ойлау стратегияларын тиімді қолдану жолдары» тақырыбында мазмұнды баяндама жасады.

– «Семей қаласының №6 гимназиясы» КММ мұғалімі Борисова Ирина Александровна «Сыни ойлауды дамытуға бағытталған тапсырмалардың бастауыш сыныптағы тиімділігі» тақырыбында тәжірибесімен бөлісіп, қатысушылармен топтық жұмыс жүргізді.

Семинар барысында сыни ойлауды қолданудың тиімді жолдары, оқу сауаттылығы мен белсенділігін арттырудағы рөлі талқыланып, мұғалімдерге практикалық кеңестер ұсынылды.

Мұндай кәсіби басқосулар педагогтердің жаңашыл ойлауына, шығармашылық қабілетінің дамуына және жаңа білім беру үрдістерінің қалыптасуына зор серпін беретіні сөзсіз.


Комментариев нет
Просмотров: 5
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 25.11.2025 в 12:36