Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін республикалық семинар мен «Олимп шыңы» олимпиадасы өтті
Ағымдағы жылдың 19–21 қараша күндері Алматы қаласында «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған «Оқушыларды қазақ тілінен олимпиадаға дайындаудың әдістемелік жаңашылдықтары мен жасанды интеллектінің мүмкіндіктері» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты:
– пән мұғалімдерінің кәсіби және әдістемелік құзыреттіліктерін арттыру;
– оқушыларды олимпиадаға дайындауда инновациялық әдістерді тиімді қолдану;
– жасанды интеллект құралдарын оқыту процесінде ұтымды пайдалану жолдарын меңгеру.
20 қараша күні семинар аясында қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері арасында «Олимп шыңы» республикалық олимпиадасы ұйымдастырылды. Абай облысынан қатысқан 11 педагогтың барлығы да жүлделі орындар мен марапаттарға ие болды. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Олимпиада жүлдегерлері:
ІІ орын:
– Кайрашова Дидар Еркиновна – Семей қ. «№50 ЖОББ ІТ мектеп-лицейі» КММ
– Ногаева Багжан Макашевна – Семей қ. «№22 ЖОББМ» КММ
– Жекенова Жұлдыз Ернарқызы – Семей қ. «№29 ЖОББМ» КММ
ІІІ орын:
– Шаяхметова Карлыгаш Жумагалиевна – Семей қ. «№17 ЖОББМ» КММ
– Бажаева Толкын Мейремхановна – Жарма ауданы «К. Шакенов атындағы орта мектебі»
– Зиябекова Еркеш Даукеновна – Жарма ауданы «Бірлік орта мектебі» КММ
– Касенова Айман Каблашимовна – Жарма ауданы «Суықбұлақ орта мектебі» КММ
– Айшукенова Данагүл Ермековна – Семей қ. «№35 ЖОББМ» КММ
– Оспанова Индира Оразбековна – Семей қ. «№35 ЖОББМ» КММ
Грамота:
– Ибраева Назгүл Бауыржановна – Семей қ. «№51 ЖОББМ» КММ
Сертификат:
– Накипова Сауле Кайрбековна – Бородулиха ауданы «Ивановка орта мектебі» КММ
Абай облысының ұстаздары білім саласындағы кәсіби шеберлігі мен жаңашыл көзқарасын тағы бір мәрте дәлелдеді.