«10 кітап – 1 мақсат» жобасы іске асуда
Қазіргі білім кеңістігінде мұғалімнің кәсіби дамуы — сапалы білімнің басты шарты. Осы мақсатта облысымыздың педагогтерінің үздіксіз білім алуын қолдайтын ерекше оқырмандық жоба жүзеге асуда.
Жобаның мақсаты — мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру және педагогикалық тәжірибені жаңарту.
Жобаға енгізілген 10 кітап:
«Абай жолы» — М. Әуезов
Ұлт руханиятын, адамдық құндылықты терең түсіндіреді.«Педагогика» — М. Жұмабаев
Қазақ педагогикасының негізін ашатын классикалық еңбек.«Қазақ тарихының әліппесі» — М. Мағауин
Ұлт тарихына көзқарасты қалыптастырады.«Үш өлшемді оқыту жүйесі» — Ж. Қараев
Заманауи оқыту технологияларын түсіндіреді.«Visible Learning» — Джон Хэтти
Оқушы жетістігіне әсер ететін факторларды ғылыми тұрғыда талдайды.«Шығармашыл мектептер» — Кен Робинсон
Шығармашылықты дамытуға арналған жаңа көзқарас.«7 дағды» — Стивен Кови
Тұлғалық және кәсіби тиімділікті арттырады.«Эмоционалды интеллект» — Д. Гоулман
Қарым-қатынас мәдениетін жақсартады.«Тамаша мұғалімдер...» — Тодд Уитакер
Ең үздік педагогтардың тәжірибелік тәсілдері.«Стресссіз тәртіп» — М. Маршалл
Оқушымен жұмыс істеудің адамгершілікке негізделген әдістері.
Жобаның маңызы:
«10 кітап – 1 мақсат» — тек оқу емес, мұғалімнің өзін-өзі дамыту саяхаты. Кітап оқу – мұғалім үшін жаңа идеялардың бастауы, педагогикалық тәжірибені жаңартудың сенімді жолы.