Ағымдағы жылдың 19 қарашасында «Абай облысының білім басқармасы» ММ «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығы» КММ жоспарына сәйкес Абай облысы ББ «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК базасында «Химия және биология сабақтарында цифрлық ресурстар мен интерактивті платформаларды қолданудың әдістемелік тәсілдері» атты облыстық әдістемелік семинар-практикум өтті.
Семинардың мақсаты – Абай облысының колледж оқытушыларының химия және биология пәндерін оқытуда цифрлық технологиялар мен интерактивті платформаларды тиімді қолдану әдістерін жетілдіру, тәжірибе алмасу арқылы білім беру үдерісіне заманауи цифрлық құралдарды енгізу бойынша практикалық дағдыларын дамыту.
Семинар жұмысына облыстың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мекемелерінің химия және биология пәндері оқытушылары қатысты.
Семинарды «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталық» КММ білім беру процесін әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің әдіскері Нұрашева Эльмира Нұрашқызы құттықтау сөзімен ашты.
Практикалық бөлімде Абай облысы ББ «Геологиялық барлау колледжі» КМҚК оқытушылары Мухаметжанова Айгуль Каменеровна, Абикенева Гульнара Макашевна, Бекмухамбетова Меруерт Берикхановна, Оспанова Айгуль Канатовна, Амренова Малика Аскаровна, Муратова Шнар Оралтаевна заманауи цифрлық құралдарды қолдана отырып ашық сабақтар өткізді.
Семинардың екінші бөлімінде қатысушылар химия және биология сабақтарында цифрлық ресурстар мен интерактивті платформаларды қолдану бойынша өз тәжірибелерімен бөлісті.
Іс-шара тәжірибе алмасуға, жаңа идеялар ұсынуға және білім беру қызметінде цифрлық технологияларды қолданудың табысты үлгілерін талқылауға арналған тиімді әдістемелік алаң болды.
Қорытынды бөлімде қатысушылар кері байланыс беріп, өз пікірлерін білдіріп, семинардың жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.