Меню KDT

24–25 қарашада Абай облысының білім беру мекемелерінің меңгерушілері мен әдіскерлері үшін маңызды семинар өтті!

Абай облысында «Білім беру мазмұнына медиа және ақпараттық сауаттылықты интеграциялау» тақырыбындағы екі күндік оқыту семинары сәтті ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
Шараны Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы медиа-ақпараттық сауаттылық мамандарымен және Алматы қ. ЮНЕСКО өңірлік кеңсесінің қолдауымен өткізді.


Семинардың мақсаты:
Қатысушыларды медиа және ақпараттық сауаттылықтың (МАС) негіздерімен таныстыру, оны орта білім беру мазмұнына енгізу бағыттарын қарастыру және практикалық дағдылар қалыптастыру.

Қатысушылар меңгерген негізгі нәтижелер:

Қазақстандағы МАС-тың қазіргі жағдайы туралы түсінік қалыптастырды;

МАС бойынша теориялық және практикалық дағдыларын дамытты;

МАС-ты енгізудегі қиындықтар мен мүмкіндіктерді талдады;

МАС-ты оқу пәндеріне тиімді интеграциялау жолдарын қарастырды.

Семинар спикерлері:
* Татьяна Голубцова — журналист, медиатренер, медиа бағытындағы тәжірибелі сарапшы.
* Мейрамхан Жәпек (онлайн) — журналист, медиатренер, ҚР журналистер одағының мүшесі.

Семинар бағдарламасы екі күнге созылды:

МАС-тың рөлі мен теориялық негіздері;

ҚР білім беру жүйесіне МАС-ты енгізудің сын-қатерлері мен мүмкіндіктері;

МАС бойынша әдістемелік нұсқаулықпен танысу;

Практикумдар, топтық жұмыс және тәжірибелік талдау.

Бұл семинар Абай облысы педагогтерінің медиа және ақпараттық сауаттылықты білім беру мазмұнына енгізу бойынша кәсіби әлеуетін арттыруға маңызды үлес қосты.


Комментариев нет
Просмотров: 7
Автор: abaymethod
Сайт: abaycenter.agartu.kz
Добавлено: 26.11.2025 в 16:21