«Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы» 🔹
«Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы» 🔹
Ағымдағы жылғы 25 қазан күні Ақжар ауданының Талшық ауылында орналасқан «Балдырған» балабақшасында білім беру саласының мамандары бас қосқан мазмұнды семинар өтті. «Ұлттық құндылық – тәрбие бастауы» тақырыбындағы шараның негізгі мақсаты – жас ұрпаққа ұлттық болмысты, рухани байлықты және ұлттық тәрбиенің терең мәнін тиімді жеткізудің жолдарын талқылау. Семинар барысында шебер педагогтер тәжірибе көрсетіп, ұлттық құндылықтарды оқу-тәрбие үдерісіне енгізудің заманауи тәсілдерімен таныстырып, ұлттық мәдениетті дәріптеудің, өскелең ұрпақтың тұлғалық дамуына ықпал етудің және тәрбиенің өзегін ұлттық рухпен байытудың маңызын атап өтті.
✨ Шараның ерекшеліктері:
- ұлттық тәрбиенің практикалық негіздерін талқылау;
- тиімді педагогикалық әдістерді ЖИ ұсыну;
- ұлттық құндылықтарға негізделген тәрбиенің жаңа бағыттарын айқындау.
Комментариев нет
Просмотров: 2