Меню KDT

ЖИ мүмкіндіктері арқылы математикалық ойлауды дамыту» тақырыбында мазмұны терең семинар ұйымдастырды

25-қараша күні «А.Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің математика пәні бірлестігі қалалық деңгейде «Ұлттық құндылық пен цифрлық болашақ үндестігі: ЖИ мүмкіндіктері арқылы математикалық ойлауды дамыту» тақырыбында мазмұны терең семинар ұйымдастырды. Іс-шараға қала мектептерінің математика пәні мұғалімдері қатысып, тәжірибе алмасып, заманауи әдістерді меңгерді. Іс-шараны әдіскер Н. Исагалиева ашып, семинардың мақсаты мен маңызын атап өтті. Семинардың ашылуында орындалған мектептің домбырашы оқушыларының шығармашылық өнерлері шараның рухын көтеріп, қонақтарға шабыт сыйлады. Ашылу рәсімін Ақтау қаласы білім бөлімі оқу-әдістемелік орталығының математика және физика әдіскері Муханов Житек Абдурахманович құттықтау сөзімен бірге білім саласындағы цифрлық трансформацияның, ЖИ мүмкіндіктерінің және ұлттық құндылықтарды білім беру жүйесіне енгізудің өзектілігін атап өтті. Математика пәні мұғалімдері А.Түйебаева, А.Есіркепова «STEM және STEAM білім беру жүйесіндегі математиканың рөлі» тақырыбында коучинг өткізіп, тиімді әдістер ұсынылып, пәнді кіріктіріп оқытудың мүмкіндіктері талқыланды. Сонымен бірге, пән мұғалімдері А.Ерниязова мен Н.Амангелді жоғары кәсіби шеберлік танытып, мазмұны терең, заманауи талаптарға сай үздік ашық сабақтар өткізді.. Н.Денбаева, Ж.Маңғыбаева және Б.Аманғалиева жоғары деңгейде мазмұнды баяндама жасап, математика сабағында цифрлық технология мен ЖИ мүмкіндіктерін қолдану жөнінде құнды ойлар ұсынды. Семинар қорытындысында қатысушылар кері байланыс беріп, кәсіби қауымдастық ішінде ой бөлісті. Бұл семинар мұғалімдердің кәсіби дамуына, ЖИ мүмкіндіктерін пәндік оқытуға кіріктіру бағытында жаңа серпін берді. Білімдегі жаңа формат – болашаққа бастар бағыт!


Жауапты: мектеп әдіскері Н.Исагалиева.


Комментариев нет
Просмотров: 3
Автор: b028schaktau
Сайт: mektep-28.edu.kz
Добавлено: 27.11.2025 в 16:37