2025 жылғы 28 қарашада Абай облысы білім басқармасы мен «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» ұйымдастыруымен колледждер директорларының орынбасарлары арасында «Басшының үздік орынбасары» облыстық конкурсы жоғары деңгейде өтті.
Іс-шара білім беру саласының негізгі заңдары мен нормативтік-құқықтық актілеріне сүйене отырып ұйымдастырылды. Конкурстың басты мақсаты — техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарындағы басшылардың орынбасарларының көшбасшылық әлеуетін айқындау, инновациялық менеджментті дамыту, озық тәжірибені кеңінен тарату.
Байқау үш номинация бойынша өтті:
Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары
Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары
Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары
Конкурс екі кезеңнен тұрды:
1-кезең – Практикалық бөлім:
Қатысушылар «Менің басқарушылық тәжірибем» тақырыбында кәсіби деңгейдегі презентациялар қорғады.
2-кезең – Кейс тапсырмалар:
Шынайы басқарушылық жағдаяттарды шешуге арналған тапсырмалар орындалды.
Қатысушылардың жұмыстарын бағалағандар:
– «Облыстық инновациялық-әдістемелік орталығының» әдіскерлері
– ТжКБ ұйымдарының ардагер ұстаздары
– Колледж директорлары
Сарапшылық комиссияның бағалау нәтижесінде жеңімпаздар анықталды:
1. Директордың оқу жұмысы жөніндегі орынбасарлары бағыты
І дәрежелі диплом:
«Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК – С. Жумабекова
ІІ дәрежелі диплом:
Д. Қалматаев атындағы мемлекеттік жоғары медицина колледжі – Г. Нұрғалиева
ІІІ дәрежелі диплом:
«Электротехникалық колледжі» КМҚК – М. Кем
2. Директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары бағыты
І дәрежелі диплом:
«М. Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК – А. Нұрланова
ІІ дәрежелі диплом:
«Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК – Л. Иванова
ІІІ дәрежелі диплом:
«ІТ және жаңа технологиялар жоғары колледжі» КМҚК – Г. Есембаева
3. Директордың оқу-әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасарлары бағыты
І дәрежелі диплом:
«Бизнес және сервис жоғары колледжі» КМҚК – А. Бейсенова
ІІ дәрежелі диплом:
«Авиценна» жоғары медициналық колледжі – С. Жақсыбаев
ІІІ дәрежелі диплом:
«Геологиялық барлау колледжі»
Бұл конкурс — облыстағы техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде заманауи менеджментті дамытуға, басқарушылық құзыреттерді арттыруға, тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды кәсіби алаң болды.
Барлық қатысушыларды кәсіби табыстарымен құттықтаймыз!
Жеңімпаздарға жаңа белестер мен шабыт тілейміз!